«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Аты Жүктеу
1 Адал ұрпақ клубы жоспары2021-2022 PDF
2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жоспары 2021-2022 PDF
3 Жоспар PDF

 Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы

№ 36 ОЖББМ 9 сынып оқушысы Куатова Рината

 

«Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат!»

Шығарма

Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе. Дүниежүзіндегі бірде-бір мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық даму үдерісі және де саяси тәртібі одан қорғанған емес.

Жалпы «сыбайлас жемқорлық» деген түсінік латынның «corruptio» сөзінен алынған, «параға сатып алу», «пара» деген мағынаны білдіреді.Негізінде бұл Римде ертеден келе жатқан түсінік, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

Сыбайлас жемқорлықты әр адам, әр мемлект өзгеше сипаттайды, бірақта мұның барлығында ортақ зардаптар туындайды.  Біріншіден, бұл қоғамның болашағын тежейді. Екіншіден, елдің беделіне көлеңке түсіреді. Ал үшіншіден, халықтың заң мен билікке деген сеніміне сызат түіреді.

 «Бір орманның қақпасында,

 Жарнамалық тақтасында.

 «Жемқорлыққа жол жоқ» деген,

 Жазу тұрды өрнектеген», - деген Абдрахман Асылбектің «Жемқорлыққа ем жоқ» атты мысалынан үзінді қазіргі заман адамдарына міндетті ұран. Егер біз шын мәнінде басқалардың жіберген қателіктері мен сатқындықтарынан ой түйіп, жаңа іс-шараларды қолға алатын болсақ, еліміздің, жеріміздің, тұрғындарымыздың жан-дүниесін тазартып, сенімділігін арттыруға болар еді. Мысалы, Қазақстан Республикасының -2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қолдаулар арқылы өз жемісін беруде. Одан бөлек еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдары, шектеулері, қағидаттары, стандарттары жеткілікті.

Бірақта айтылған шаралардың нәтижесін көру үшін жастар да, жоғары орган өкілдері де, қарапайым қызметкерлер де барынша ат салысуы міндетті, себебі мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ең басты қадамдар. Мысалы, әр-біреуіміз білім алып қана қоймай, оны өзгелерге тарата отырып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтап, нығайта аламыз. Өсіп келе жатқан жаңа ұрпаққа тәрбие беріп, әлеуметтік жұмыстар жүргізе аламыз, қарқынды дамып жатқан технологиялар мен әлеуметтік желілерді тиімді қолданып, қашықтықта да бір-бірімізді дамытып, қолдау көрсете аламыз және т.б.

Қорытындылай келсем кез-келген адам өз кұқығын қорғап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алады. «Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды» демекші, үнемі адал, әділетті қызмет етіп, алдағы мақсаттарыңызға тек өз еңбегіңіз бен талпысыңыз арқылы жетуге тырысыңыз, себебі әділ істің арты игі.